Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты




21-07-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымын жоспарлы жаңартуды жалғастыруда. 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында 686 км жол жөнделді. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр, маусымның соңына дейін 1 577 км жаңарту жоспарлануда.

Жолдарды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігін және пойыздар жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл желінің бірнеше учаскелерінде қозғалыс жылдамдығын: «Тальго» вагондары бар пойыздар үшін 400 км жолға, басқа жолаушылар пойыздары үшін – 500 км, контейнерлік және жүк пойыздары үшін – 350 км арттыру жоспарлануда. 

Жолдың жоғарғы құрылымын жаңғырту жалғасуда. 2026 жылы ағаш шпалдардағы 268 км жол серпімді бекіткіштері бар темірбетон шпалдарға ауыстырылады. Бұл шешім жолды сенімдірек әрі берік етіп, жолтабандардың ұзақ сақталуына көмектеседі, дірілді азайтады және пойыздардың жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.

Теміржол инфрақұрылымының жай-күйін мамандар қазіргі заманғы функцияларды біріктіретін жол өлшегіш вагондар мен дефектоскоп вагондарының мобильді диагностикалық кешендері көмегімен бақылайды. Олар рельстердегі ақауларды тез анықтауға мүмкіндік береді, бұл пойыздар қауіпсіздігін арттырады.

Инфрақұрылымды жаңарту бойынша дәйекті жұмыс қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. 2025 жылы 1 480 км жоспармен 1 575 км жол жөнделді. Үш жыл ішінде  - 2023 жылдан 2025 жылға дейін 4 448 км теміржол жолы жаңартылды, бұл жоспарланған көлемнен 234 км артық.

Жүргізілген жұмыстар арқасында теміржол желісінің техникалық жағдайы жақсарды. Пойыздар жүру жылдамдығы жалпы ұзындығы 610 км учаскеде артып отыр.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі