ҚТЖ жол машиналары қысқы жағдайда жұмысқа дайын

Жаңалықтар

ҚТЖ жол машиналары қысқы жағдайда жұмысқа дайын




26-11-2026

Қыс мезгілі қарсаңында ҚТЖ жол техникасы паркі жоспарлы кешенді дайындықтан өтті және пойыздардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге толық дайын.

Төмен температура мен қалың қар жағдайында мамандар машиналардың тұрақты жұмыс істеуі үшін олардың негізгі тораптарына техникалық қызмет көрсетті. ҚТЖ балансында СДПМ, СМ-2, СМ-7, СМ-5 сериялы темір жол қар тазалау және қардан аршу техникасы, сондай-ақ ПСС сериялы өздігінен жүретін қар тазалау пойыздары бар. Арнайы техника аралықтарды, станциялық жолдарды және бағыттамалық бұрмаларды қар үйінділері мен мұздан тазарту үшін қолданылады.

СДПМ сериялы қар тазалағыштар аралықтарда жұмыс істейді. Арнайы вагон қуатты соқалы жүздермен және бүйірлік қанаттармен жабдықталған: жоғары жылдамдықпен ол қарды жолдан 1 метрге дейін жылжытады және лақтыра тастайды.

СМ сериялы қар тазалағыштар станцияларда жұмыс істейді. Кешендер (СМ-2, СМ-7) щеткалары мен мұз жарғыштары бар бас машинадан, сондай-ақ жартылай вагон-жинақтағыштардан тұрады. Көлік вагондарға қар жинап, содан кейін оны белгіленген орындарға төгеді.

Машиналарды уақтылы дайындау темір жолдары мен бағыттамалық бұрмаларды жедел тазартуға мүмкіндік бере отырып,  жолаушылар мен жүк құрамдарының қысқы кезеңде кешігу қаупін азайтады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі