ҚТЖ және Woosong: халықаралық стандарттар іс-әрекетінде
06-02-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және Оңтүстік Кореяның Woosong (WSU) университеті стратегиялық әріптестікті нығайтуда. WSU делегациясының сапары аясында тараптар мамандар даярлау жүйесі бойынша ақпарат алмасты. Сапар бағдарламасы Компанияның технологиялық базасын көрсетуге бағытталған. Университет өкілдері «Тальго» жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету пунктіне, жол диагностикасы орталығына және теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығына барып, жол сапасын бақылаудың, техникалық сүйемелдеудің және персоналды оқытудың заманауи стандарттарымен танысты.
Ұрпақтар сабақтастығына ерекше назар аударылды: WSU студенттерінің ҚТЖ-да мансап құрып жатқан магистрлік бағдарлама түлектерімен тікелей диалогы болашақта бірлескен білім беру бағдарламаларының қажеттілігін айқын растады.
Компания WOOSONG-пен серіктестікті саланың интеллектуалды капиталына инвестиция ретінде қарастырады, бұл компанияның әртүрлі оқу бағдарламалары мен жобалары арқылы нәтиже көрсеткен теміржолшыларға шетелдік оқу орындарында білім алуға және тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ҚТЖ кәсіптік білім берудің экожүйесін қалыптастыра отырып, Қазақстанның және шет елдердің 48 оқу орнымен әріптестік қатынастарды дамытуда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі