Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ және УТЙ басшыларының кездесуі




15-10-2026

«NEW SILK WAY» VIII Халықаралық бизнес-форумы аясында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е.М. Отыншиев «УТЙ» АҚ Басқарма төрағасы З. Г. Нарзуллаевпен жұмыс кездесуін өткізіп, оның барысында тараптар теміржол саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту келіссөздердің басты басымдығы болды. Логистикалық процестерді оңтайландыру үшін теміржол компанияларының басшылары Сарыағаш мемлекетаралық түйісу пункті арқылы жүк пойыздарының алмасуын ұлғайту мәселелерін келісті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі