ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
05-03-2026
Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің Бас көлік прокуроры Берік Жүйріктаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шара барысында магистральдық желіні жаңғырту бойынша негізгі іс-шараларды жүзеге асыру және тасымалды ұйымдастыруды қоса алғанда теміржолдың қазіргі жағдайына қатысты кешенді мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар көлік логистикасының жүйелік аспектілерін, сонымен қатар вагондарды ағымды ағытып жөндеу жұмысы пен тасымал қызметінің өндірістік көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Тараптар теміржол тиімділігін арттыру және айқындылығын қамтамасыз ету тұрғысынан барынша терең талдау жасап, технологиялық процестерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Берік Жүйріктаев көлік қызметін пайдаланушылар құқығын қорғау және заңдылығын сақтау маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында елдің көлік әлеуетін дамыту және құқықтық тәртіпті нығайту үшін алдағы өзара іс-қимыл бойынша қадамдар айқындалды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі