ҚТЖ және Дүниежүзілік банк серіктестігін дамыту
14-10-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Елжас Отыншиев Еуропа мен Орталық Азиядағы көлік жөніндегі Дүниежүзілік банктің жаһандық практика жетекшісі Шомик Радж Мендираттамен кездесіп, оның барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және теміржол секторындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қатысушылар өзара ынтымақтастықтың басқа да өзекті мәселелерін қарастырды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі