Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ және Alstom басшылары ынтымақтастықты талқылады




15-10-2026

Астанадағы New Silk Way халықаралық форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Елжас Отыншиев стратегиялық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау үшін Alstom француз компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Мартан Вожурмен екіжақты кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар ұлттық теміржол желісінің қажеттіліктері үшін тартқыш жылжымалы құрамды жеткізудің ағымдағы жағдайын егжей-тегжейлі қарастырып, Қазақстандағы сервистік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бірлескен ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарламаның орындалу мәртебесін бағалады. 

Өзара іс-қимылдың негізгі векторы жоғары технологиялық электровоздар өндірісін жергіліктендіру, автоматтандырудың цифрлық жүйелерін енгізу, сондай-ақ сервистік деполар желісін кеңейту болып қала береді. Ағымдағы жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі Alstom шығарған заманауи электровоздарды қоса алғанда, жаңа техникамен айтарлықтай толықтырылды. Осы бағдарламаларды табысты іске асыру ҚТЖ-ға тартқыш парктің тозуын кезең-кезеңімен төмендетуге және Орта маршрутты қоса алғанда, халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк тасымалдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі