«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақмола» филиалында 2026 жылғы 27 ақпанда алдағы республикалық референдум мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
27-02-2026
Кездесу филиал директоры Саят Сағдатұлы Бекеновтың төрағалығымен және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Омар Шоназаровтың қатысуымен өтті.
Ұжымның бір бөлігі іс-шараға ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қосылды.
Іс-шара барысында спикерлер әділеттілік қағидаттарын нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруді, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруды және қоғамдық қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуді қоса алғанда, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Филиал қызметкерлері көлік-логистика саласын дамыту және еңбек жағдайларының сапасын арттыру үшін тұрақты құқықтық ортаның маңыздылығын атап өтіп, талқылауға белсенді қатысты. Қатысушылар алдағы конституциялық өзгерістердің саланың тиімді жұмыс істеуі және ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі