ҚТЖ жастар кадрлық резерві қатысушылары
14-01-2026
Бүгін компанияның ертеңгі болашағын қалыптастыратындарды – ҚТЖ жастар кадрлық резерві қатысушыларын таныстырамыз. Алда –олардың әрқайсысымен жеке танысу.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ көшбасшылардың жаңа буынын дамытуға бағытталған «Жастар кадрлық резерві» стратегиялық маңызды бағдарламасын іске қосты. Мақсат – жас мамандардың әлеуетін ашып, оларды негізгі ұстанымдарға дайындау арқылы болашақ менеджерлерін тәрбиелеу. Бұл уақыт сын-қатерлеріне дайын тұрақты, кәсіби командаға инвестиция.
ҚТЖ жастары – бұл Отанның, кәсіптің және ел дамуының пайдасына жасалған таңдау. Олардың еңбегі жай ғана жұмыс емес, Қазақстанға қызмет ету.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі