ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтеді
27-07-2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Төтенше жағдайлар департаменті теміржол объектілері мен жылжымалы құрамға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына 43 мың тексеру жүргізді. 21 мыңнан астам қызметкер қатысқан 9 мыңнан астам өртке қарсы нұсқаулық өткізілді. 4,9 мыңнан астам қызметкер өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол үшін 473 оқу сабағы ұйымдастырылды.
ҚТЖ ТЖМ бөлімшелерімен бірлесіп 131 өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді. Жаттығу кезінде өрттерді жою және төтенше жағдайларға ден қою бойынша іс-шаралар пысықталды.
Өрт қауіпті маусымда ҚТЖ Қазақстан аумағында орман және дала өрттерінің туындау қаупін азайту жөніндегі жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асырады.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында басқару органдарының, күштер мен құралдардың ықтимал оқиғаларға жедел ден қоюға дайындығы қамтамасыз етілді.
Өрт сөндіру пойыздары мен азаматтық қорғау құралымдарының жазғы тасымалдау және өрт қауіпті маусымдағы жұмысқа дайындығына ерекше назар аударылады.
ҚТЖ сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТЖМ және аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды. Өрт жағдайын бақылау үшін тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретін спутниктік мониторинг жүйелері пайдаланылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі