ҚТЖ темір жолын күрделі жөндеудің жылдық жоспарын 100% орындады

Жаңалықтар

ҚТЖ темір жолын күрделі жөндеудің жылдық жоспарын 100% орындады




06-11-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2026 жылға арналған темір жолды күрделі жөндеудің жылдық жоспарын толық көлемде орындады. Барлығы 572,7 км жол жөнделді, бұл жоспарланған көлемнің 100% құрайды.

Жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілді. Атап айтқанда, солтүстік өңірде 285,82 км жолға, оңтүстікте – 167,59 км, батыста 119,34 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді.

Бағдарламаны іске асыру теміржол инфрақұрылымын жаңартуға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ темір жолының сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі