ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде

Жаңалықтар

ҚТЖ станцияларды басқарудың цифрлық платформасын енгізуде




20-08-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ цифрлық трансформация стратегиясын іске асыру шеңберінде «Станция – Торап» АБЖ автоматтандырылған басқару жүйесін кезең-кезеңімен енгізуге кірісті. Жоба Алматы магистральдық желі  бөлімшесінің шекарасындағы станцияларда бастау алды.

Өзінің цифрлық платформасын пайдалану ағымдағы өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге арналған. «Станция – Торап» АБЖ автоматтандырудың перспективалы корпоративтік жобаларын іске асыру үшін сенімді негіз қалап, ҚТЖ АТ-ландшафтының ақпараттық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттырады.

Жаңа платформаны әзірлеуші «ҚТЖ» ҰК» АҚ болды. Деректер базасын интеграциялауды және пайдаланушыларды жан - жақты қолдауды қоса алғанда, жобаны тікелей техникалық іске асыруды компанияның «Бас есептеу орталығы» филиалы жүзеге асырады. Әдістемелік жетекшілік пен процестерді үйлестіруді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалының тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаменті қамтамасыз етеді.

Алматы магистральдық желі бөлімшесі технологияны таратудың бастапқы алаңына айналуда. Осы кезең аяқталғаннан кейін бекітілген жоспар-кестеге сәйкес және орындалатын маневрлік және пойыздық жұмыстардың көлемін ескере отырып, жүйені Жамбыл, Ақмола және Қарағанды магистральдық желі бөлімшелерінің станцияларында кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.

Станцияларды басқарудың негізгі функцияларын өзінің АТ-базасына аудару тасымалдау процесін басқарудың тәуелсіз, қауіпсіз және икемді экожүйесін құруды білдіреді. Бұл технологиялық шешім Қазақстан Республикасының көлік-логистика саласы мен экономикасын дамытудың ұзақ мерзімді міндеттеріне толық жауап береді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі