ҚТЖ спартакиадасына 500 астам теміржолшы қатысуда

Жаңалықтар

ҚТЖ спартакиадасына 500 астам теміржолшы қатысуда




02-11-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да компанияның орталық аппаратының, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында спартакиада бастау алды.

Жарыс төрт ойын күнін – 1, 7, 8 және 9 қарашаны қамтиды.

Биыл теміржолшылар төрт спорт түрінен: баскетбол, волейбол, футбол және үстел теннисінен бақ сынайды. 

Іс-шараның салтанатты ашылуы кезінде ҚТЖ Спартакиадасы тек спорттық жарыстар ғана емес, сонымен қатар теміржолшыларды ерекшелендіретін бірліктің, рух күшінің және командалық жұмыстың символы екендігі атап өтілді.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі