ҚТЖ – «Самұрық-Қазына» АҚ Спартакиадасының үш дүркін чемпионы
10-08-2026
ҚТЖ құрамасы қатарынан үшінші рет Бас кубокты жеңіп алып, «Самұрық-Қазына» АҚ XI Республикалық спартакиадасының абсолютті жеңімпазы атанды! Теміржолшылар отандық корпоративтік спорттың ауыспайтын титандары мәртебесін растады.
Магистраль қызметкерлері әр спорт түрінен темір ерік-жігерін, үстемдігін және мызғымас мінезін көрсетіп, финалда жеңістерді жұлып алып, жалпы командалық есепте барлық қарсыластарын артта қалдырды.
ҚТЖ құрамасы 27 медаль: алтын - 9 марапат, күміс - 13 марапат, қола-5 марапат жеңіп алды.
Бұл жеңіс мыңдаған теміржолшы мүшесі болып табылатын ұжым біртұтас, қуатты және үйлесімді механизм ретінде әрекет еткенде - мүлдем жеңілмейтінін дәлелдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Спартакиадада болат магистральдің абыройын 88 үздік спортшы-теміржолшы қорғаған болатын. Компания шынымен қуатты, біртұтас және географиялық жағынан ерекше команда жинады. Оның құрамына Астана, Алтынкөл, Орал, Қарағанды, Екібастұз, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы және Семей сияқты республиканың түкпір-түкпірінен негізгі теміржол кәсіпорындарының, станциялары мен филиалдарының өкілдері кірді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі