ҚТЖ-ның мыңнан астам қызметкері жалпыұлттық диктанттың қатысушысы болды

Жаңалықтар

ҚТЖ-ның мыңнан астам қызметкері жалпыұлттық диктанттың қатысушысы болды
 




27-11-2026

Еліміздің әр өңірінен келген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның мыңнан астам қызметкері мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға арналған жалпыұлттық диктантқа қатысты. Астанада компанияның орталық аппараты мен филиалдары қызметкерлерін біріктіре отырып, ауқымды бастаманың соңғы кезеңі өтті.

Екі апта ішінде диктант Алматы, Тараз, Семей, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Атырауда өтті. Астанада диктантқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ елордалық қызметкерлері – компанияның орталық аппаратының, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері қосылды. Күні бойы елордалық 300 жуық теміржолшы өз білімін тексерді.

- Жалпы еліміз бойынша біз мың қызметкерді қамтимыз деп күткен едік. Бүгінде мыңнан астам теміржолшы диктант қатысушысы болды деп айта аламыз. Біз үшін мемлекеттік тілді үйреніп қана қоймай, күнделікті жұмыс пен қарым-қатынаста белсенді қолданғаны маңызды. Мұндай бастамалар қазақ тіліне деген қызығушылықты сақтауға, еңбек ұжымдарында сауаттылықты арттыруға және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі, - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы.

Жалпыұлттық диктант әр түрлі өңірлердегі теміржолшылар үшін тағы бір біріктіруші оқиға болды. Мұндай бастамалар ұжымда мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыруға, оны кәсіби және қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыруға көмектеседі.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі