22-10-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының 193 станциялық жолында күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар теміржол инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жөндеу жұмыстары барысында ағаш шпалдары бар рельсті шпал торы темірбетон шпалдары бар торға ауыстырылды. Бұл техникалық шешім жолдың беріктігі мен ұзақ мерзімділігін арттырады және станция инфрақұрылымының өнімділігін жақсартады.
Жұмыстар солтүстік өңірдің 95 станциялық жолында, оңтүстік және шығыс өңірлерінің 55 станциялық жолында және батыс өңірдің 43 станциялық жолында орындалды.
Жүргізілген жұмыстар теміржол инфрақұрылымын нормативтік жағдайда ұстау және тасымалдау процесінің сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің бөлігі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі