ҚТЖ New Silk Way форумында

Жаңалықтар

ҚТЖ  New Silk Way форумында




15-10-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев «New Silk Way» VIII халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы шеңберінде өткен «Халықаралық теміржол дәліздері: даму стратегиялары мен практикалары» панельдік сессиясында сөз сөйледі.

Спикер өз сөзінде теміржол көлігін дамытудың, инфрақұрылымды жаңғыртудың және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтудің негізгі аспектілерін атап өтті. Спикер ҚТЖ-ны халықаралық логистикалық тізбектерге интеграциялаудың табысты тәжірибелерімен бөлісті және компанияның Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі дәліздердің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі ағымдағы іс-шаралары туралы ақпаратты ұсынды.
 
«New Silk Way» форумы дәстүрлі түрде жаһандық трендтерді талқылауға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және көлік пен логистика саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеуге арналған беделді диалог алаңы болып табылады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі