Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ мен Эстон темір жолдары Азия мен Еуропа арасындағы жаңа көлік маршруттарының дамуын талқылады
 




30-06-2026


«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов «Эстон темір жолдары» АҚ Басқарма Төрағасы Мерле Курвитспен кездесу өткізді. Басшылар жүк тасымалын кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және Орталық Азия мен Еуропа арасында жаңа логистикалық сервистер құру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі туралы пікір алмасып, серіктестіктің стратегиялық перспективаларын белгіледі. Тараптар байланыстарды ұзақ мерзімді нығайтуға өзара мүдделілікті растады және Транскаспий халықаралық көлік бағдары шеңберінде бірлескен жобаларды қарады.
 


Кездесуге қатысушылар инфрақұрылымды цифрландыру мен мониторингке ерекше назар аударды. Тараптар темір жолдарды күтіп ұстау саласында практикалық тәжірибе алмасып, диагностиканың заманауи әдістерін зерделеді және тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізуді талқылады.

Сондай-ақ, күн тәртібі аясында мультимодальды тасымалдарды дамыту және жаңа жүк ағындарын тарту талқыланды. Эстония теңіз порттарымен өзара іс - қимыл мәселелері қаралды және Қазақстан – Балтық елдері – Еуропа бағыты бойынша жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі қадамдар белгіленді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен көліктік-логистикалық жобаларды дамытуға дайын екендіктерін растады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі