ҚТЖ мен Citi серіктестігін дамыту мәселесі алдағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында қаралды

Жаңалықтар

ҚТЖ мен Citi серіктестігін дамыту мәселесі алдағы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында қаралды




01-07-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Citi компаниясының басқарушы директоры, жаһандық басшысы Стефани фон Фридебургпен кездесу өткізді. Кездесу Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы отырысы аясында ұйымдастырылды.

Тараптар қазіргі ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Халықаралық қаржыландыруды тарту, сондай-ақ тұрақты қаржыландыру және локомотив паркін жаңарту салаларындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимылдың табысты тәжірибесі атап өтілді.

Кездесу барысында Citi компаниясының ҚТЖ инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруға одан әрі қатысуы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және басқа да мәселелер қаралды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі