Қазақстан мен Ресей арасындағы тасымалдау көлемі өсімді көрсетіп отыр
27-05-2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы теміржолдық өзара іс-қимыл оң қарқын көрсетті: тасымалдардың жалпы көлемі 92,1 млн тоннаны құраса, бұл 2024 жылғы деңгейден 3,5% жоғары.
Көрсеткіштердің өсуіне транзиттік операциялар негізгі үлес қосты, онда ресейлік жүктердің Қазақстан аумағы арқылы экспорты 16,1% ұлғайып, 17,3 млн тоннаға жетті, ал қазақстандық жүктердің Ресей арқылы транзитпен экспорты 20,4% өсіп, 21,5 млн тоннаны құрады.
Жүк ағындарын дамытудың негізгі факторы 2025 жылы қарашада Мәскеуде қол қойылған Теміржол көлігімен транзиттік тасымалдау туралы үкіметаралық келісім болды, ол қазірдің өзінде практикалық нәтиже көрсетіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін жағдай жасайды.
Қабылданған шаралардың тиімділігін 2026 жылдың 4 айының нәтижелері растайды: қазақстандық жүктердің экспорты (көмір, қармет, тыңайтқыштар) Ресей Федерациясы арқылы транзитпен 70 мың тоннаға артып, 7 млн тоннаға жетті, ал ресейлік жүктер (мұнай өнімдері, қармет, астық, азық-түлік) Қазақстан-ға/арқылы көлемі 20 % өсіммен шамамен 12 млн тоннадан асты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі