ҚТЖ магистральдық желіні жаңғыртуды белсенді жүргізуде

Жаңалықтар

ҚТЖ магистральдық желіні жаңғыртуды белсенді жүргізуде




27-05-2026

ҚТЖ Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ірі магистральдық теміржол желісін жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда. 2025-2026 жылдары жаңғырту 3 мың км учаскені – еліміздің барлық МТЖ-ның 25% қамтиды. Бүгінгі таңда 1140 км немесе жоспарланған көлемнің 38% орындалды.
 
Жоба аясында қарастырылған:

  • 27 жаңа разъезд салу;
  • ірі станцияларда 6 қосымша парк салу;
  • қолданыстағы разъездерге 15 жаңа жол төсеу;
  • ең жүктемесі ауыр учаскелерде 32 км екінші жолдарды салу.


Сонымен қатар пойыздар қозғалысын басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы жүргізілуде.

Атап айтқанда, қарастырылған:

  • Ақсу – Жаңа-Семей, Тобыл – Қандыағаш, Қызылжар – Сексеуіл, Шалқар – Бейнеу учаскелерінде 2 188 км жолға цифрлық автоблоктауды енгізу;
  • 98 станцияны цифрлық автоблоктау  жүйесімен біріктіру;
  • Жаңа-Семей, Шалқар және Бейнеу станцияларын 1950-ші жылдардағы релелік жүйеден 213 бағыттамалық бұрманы ауыстыра отырып, микропроцессорлық орталықтандыруға ауыстыру;
  • 38 релелік және 60 микропроцессорлық станцияларды бір цифрлық жүйеге интеграциялау;
  • Алтынкөл, Жаңа-Семей және Сексеуіл негізгі станцияларында үш сұрыптау жүйесін жаңғырту.
  • Жаңғырту қорытындысы бойынша жартылай автоматты бұғатталған учаскелердің (ЖАБ) үлесі 55%-- 3973 км-ден 1785 км-ге дейін қысқарады.


Жобаны іске асыру пойыздар қозғалысы  қауіпсіздігін едәуір арттыруға, инфрақұрылымның өткізу қабілетін өсіругне және тасымалдау процесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бір уақытта желінің жеті учаскесінде жұмыстар жүргізілуде. Өткізілетін іс-шаралардың ауқымы мен көлемі бойынша жобаның Қазақстан темір жолдарының бүкіл тарихында баламасы жоқ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі