ҚТЖ локомотив шаруашылығы қысқы жағдайда жұмысқа дайын

Жаңалықтар

ҚТЖ локомотив шаруашылығы қысқы жағдайда жұмысқа дайын




06-11-2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де локомотив шаруашылығын қысқы кезеңде жұмысқа кешенді дайындау аяқталды. Бекітілген жоспардың барлық 15 іс-шарасы толық көлемде орындалды.

Серіктестіктің барлық филиалдарында күзгі комиссиялық тексерулер өткізілді. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне, локомотивтердің техникалық жай-күйіне, өндірістік объектілердің дайындығына, еңбекті қорғау талаптарын сақтауға және жұмыскерлерді қысқы арнайы киіммен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Негізгі бағыт локомотив паркін қысқы пайдалану режиміне көшіру болды. Локомотивтер белгіленген мерзімде дайындалды. Контактілі сымның мұздануымен күресу үшін вибропантографтар, сондай-ақ қар тазалау техникасымен өзара әрекеттесу үшін локомотивтер тексерілді.

Өндірістік инфрақұрылымның дайындығы қамтамасыз етілді. Жылыту маусымына жылыту қазандықтары, ғимараттар мен құрылыстар дайындалып, объектілерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, құм кептіру шаруашылығының жабдықтары ретке келтірілді.

Кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін көмірдің, дизель отынының және басқа да энергия ресурстарының қажетті қорлары қалыптастырылды.

Қызметкерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Қысқы жағдайда алғаш рет жұмыс істейтін қызметкерлер оқудан өтті. Оларға тәжірибелі тәлімгерлер бекітілген. Барлық локомотив пайдалану деполарында локомотив бригадаларымен техникалық, оның ішінде қыста автотежегіш жабдықтарын пайдалану мәселелері бойынша сабақтар өткізілді.  

Қызметкерлер қысқы арнайы киіммен және аяқ киіммен толық көлемде қамтамасыз етілген.

Өткізілген іс-шаралар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және қыс мезгілінде локомотив шаруашылығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі