Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда




23-09-2026

ҚТЖ локомотив пайдалану депосында локомотив паркінің күзгі комиссиялық тексерісі (ККТ) өтеді. Тексеру 10 қыркүйекте басталып, 31 қазанда аяқталады.

Қысқы тасымалдарға 1,6 мыңнан астам түрлі сериялы локомотивтерді дайындайды.

ККТ барысында мамандар тартқыш жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін тексеріп, майлау материалдарын маусымдық ауыстыруды орындайды және локомотивтерді тиісті санитарлық және эстетикалық күйге келтіреді.

Жұмыстар қыс мезгілінде локомотивтердің сенімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі