ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты

Жаңалықтар

ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты




10-09-2026

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі Alstom және CRRC өндірген 159 заманауи локомотивпен толықты. Тамыз айында 13 локомотив: 3 электровоз, 9 маневрлік және 1 магистральдық тепловоз жеткізілді.

Жалпы саннан 22 электровоз Астана мен Бурабай курорты деполарына келіп түсті. Қандыағаш, Жем, Маңғыстау, Атырау, Мақат, Қарағанды және Ақтоғай деполары арасында 80 магистральдық тепловоз бөлінген. Тағы 57 маневрлік тепловоз Екібастұз, Павлодар, Балқаш, Қарағанды, Жаңа-Қарағанды және Астана деполарына бағытталды.

Тарту паркін жаңарту пойыздық және маневрлік жұмыстың сенімділігі мен тиімділігін арттырады, сондай-ақ локомотив деполарының техникалық жабдықталуын күшейтеді және локомотив бригадаларының еңбек жағдайларын жақсартады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі