Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда




22-09-2026

Қарағанды және Ақадыр локомотив деполарында машинистер мен олардың көмекшілері үшін техникалық сабақтар өтті. Бригадаларға жоғары вольтты электровоз жабдықтарымен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік талаптары еске салынды. Электротравматизмнің алдын алуға және стандартты емес жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, теміржолшылар локомотив шаруашылығын дамыту және тартқыш жылжымалы құрамды жаңарту жоспарларымен таныстырылды. Оқытудың негізгі міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін жетілдіру, нөлдік жарақатқа қол жеткізу және қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.

Осындай кездесулер бүкіл елде өтеді. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі