ҚТЖ командасы «SK Әзіл Fest» КТК корпоративтік фестивалінде құрметті екінші орынға ие болды

Жаңалықтар

ҚТЖ командасы «SK Әзіл Fest» КТК корпоративтік фестивалінде құрметті екінші орынға ие болды   




07-11-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрама командасы «Самұрық-Қазына» АҚ құрамасына жол беріп, «SK Әзіл Fest» КТК ауқымды корпоративтік фестивалінің күміс жүлдегері атанды. Ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымы көшбасшылар үштігін тұйықтады.  

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 20 жылдығына арналған іс-шара 6 қарашада Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында өтті.

Фестиваль холдингтің ірі еншілес ұйымдарының 10 жарқын және өршіл командаларын басын қосты. Кештің басты ұраны « 20 ЖЫЛ: БІР КОМАНДА – ОРТАҚ ЖЕҢІС!».

Ойын шынымен де қызу, динамикалық және жарқын болды. ҚТЖ құрамасы дайындықтың жоғары деңгейін, жұқа корпоративтік әзілді, керемет актерлік ойын мен мықты бағдарламаны көрсетті. Өткір сатира, теміржол жұмысының өзекті әзілдері мен түпнұсқа миниатюралар командаға залдың, жанкүйерлердің қызу қолдауына ие етті және сарапшылар алқасының жоғары бағасы берілді.

Беріспес күрес нәтижесінде  теміржолшылар екінші орынға ие болып, жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл нәтиже ҚТЖ-да жоғары кәсіби ғана емес, сонымен қатар керемет шығармашылық, ұйымшыл жастардың жұмыс істейтіндігінің тағы бір дәлелі болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі