ҚТЖ KazHackStan 2026-да: жасанды интеллект киберқауіпсіздік қызметінде
29-09-2026
Астанада AI Month аясында өтіп жатқан KazHackStan 2026 киберқауіпсіздік бойынша халықаралық конференция басталды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ конференцияға қатысып, «Киберқауіпсіздік саласындағы отандық компаниялардың аллеясында» жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, өзінің SOC Portal әзірлемесін ұсынады.
Портал ҚТЖ Ақпараттық қауіпсіздік қызметі мамандарымен әзірленді және енгізілді және де пайдаланылатын қорғау құралдарын бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді. Шешім мамандардың жұмысын автоматтандыруға, деректердің корреляциясы мен триангуляциясын жүргізуге, ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын талдауды жеделдетуге, ықтимал қауіптерді анықтауға және оқиғаларға жауап беруге көмектеседі.
Kazhackstan 2026-ға қатысу – компанияның цифрлық инфрақұрылымын қорғау үшін ҚТЖ-ның киберқауіпсіздік саласындағы өз сараптамасын және жасанды интеллектті практикалық қолдануды көрсету мүмкіндігі.
ҚТЖ маңызды инфрақұрылымның кибертұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізе отырып, өзінің технологиялық құзыреттерін дамытады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі