«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ басшыларының жұмыс кездесуі

Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ басшыларының жұмыс кездесуі 




15-10-2026

«NEW SILK WAY» VIII Халықаралық бизнес-форумы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «ӘТЖ» ЖАҚ басшыларының жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық пен көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың негізгі мәселелерін талқылады. Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша жүк тасымалы мен осы бағыттағы «тар жерлерді» жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы келіссөздердің басты тақырыбы болды.

Кездесуге қатысушылар логистикалық процестерді оңтайландыру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобалардың ағымдағы мәртебесін бағалады.Теміржол әкімшіліктерінің басшылары тасымалдау процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және ТХКБ-да тиімділік пен өтпелі сервисті арттыруға бағытталған «Middle Corridor Multimodal Ltd.» бірлескен кәсіпорнын одан әрі дамытуға ерекше назар аударды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі