«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді
28-09-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен Рысқұлов Айдар Қайратұлының «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Рысқұлов А.Қ. АҚ «НК «ҚТЖ» Директорлар кеңесінің құрамында оның мүшесі ретінде жұмысын жалғастырады.
Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Tөрағасы болып, 2023 жылдан бері АҚ «НК «ҚТЖ» Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын, тәуелсіз директор Ширхубер Александер Андреас сайланды.
Аталған шешіммен Мыншарипова Сая Найманбайқызы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор болып сайланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі