«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша еңбек ұжымымен кездесу өтті

Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша еңбек ұжымымен кездесу өтті




02-11-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компанияның еңбек ұжымымен ауқымды кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналды. Талқылауға «Әділет» партиясының өкілдері, еншілес ұйымдар басшылары және болат магистралінің 600 астам қызметкері қатысты.

Ресми бөлімді кездесу модераторы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Ақмарал Байғабылова ашты. Ол талқыланған реформалардың мыңдаған мүшесі бар ұжымның әрбір қызметкері үшін маңыздылығын атап өтті.

Жиналғандар алдында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Геннадий Шиповских сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы алға қойған стратегиялық міндеттерді іске асыруда теміржолшылардың маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Асан Үмбетов кіріспе сөз сөйлеп, саланы жаңғыртудың өндірістік және әлеуметтік аспектілеріне баса назар аудартты.

Сөз сөйлеудің негізгі блогын партия жетекшілері мен депутаттыққа кандидаттар ұсынды. «Әділет» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Мағжан Қыстаубаев мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық реформаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Ашық диалог аясында ұжым алдында №2 қалалық көпбейінді аурухана  БПҰ төрағасы Нұрбол Тұрсынбаев; «Әділет» партиясы Есіл ауданы филиалының төрағасы, мәслихат депутаттығына кандидат Бекзат Жолжақсынов; 11 округ бойынша депутаттыққа кандидат Санира Жүсіпова сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту перспективаларын, еңбек жағдайларын жақсартуды және қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуды талқылады. ҚТЖ еңбек ұжымының өкілдері әділ және экономикалық тұрақты Қазақстанды құруға бағытталған міндеттерді іске асыруға белсенді жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі