«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандары арасында корпоративтік олимпиада өтті
15-09-2026
Олимпиада кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу мен еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімді көрсету алаңына айналды. Оның басты мақсаты – ҚЖЕҚ бойынша үздік мамандарды анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту және озық тәжірибелерді тарату.
Қатысушылар үш кезеңнен өтті: тестілеу, ситуациялық мәселелерді шешу және блиц-сауалнама. Бұл формат теориялық білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар мамандардың оларды практикада қолдануына, жағдайларды тез талдау және еңбек қауіпсіздігі саласында шешім қабылдау қабілетін бағалауға мүмкіндік берді.
Үш кезең қорытындысы бойынша үздік нәтижелер көрсетті:
1 орын –Амангелді Бекмұратұлы Мақсымбердиев, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметі бөлімінің бастығы.
2 орын – Тарасов Сергей Владимирович, Қостанай вагон пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы.
3 орын - Әлихан Қорғанбайұлы Балабек, Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері.
Әрбір қатысушы кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, жауапкершілікті және үнемі жетілдіруге ұмтылысын көрсетті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі