«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесінің инфрақұрылымын жаңғырту жүзеге асырылды

Жаңалықтар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Ақсу – Жаңа-Семей теміржол учаскесінің инфрақұрылымын жаңғырту жүзеге асырылды




18-06-2026

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде темір жол желісінің өткізу қабілеті заманауи техникалық шешімдерді енгізу есебінен ұлғайтылды. 

Ұзындығы 240 км учаскедегі аралықтарда цифрлық автоблокировка салынып, нөлден бастап 5 жаңа разъезд іске қосылды, сондай-ақ қолданыстағы 3 бөлек пункттерде қосымша қабылдау-жөнелту жолдары төселді.

Жобаны іске асыру үшін «технологиялық толаскездерде» 400 астам инженерлер мен БОБ мамандары, сондай-ақ 17 мамандандырылған вагон іске тартылды.

Барлық жұмыстар бекітілген кестелерден озып орындалды.

Учаскені жаңғырту инфрақұрылымның сенімділігі мен теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және еліміз көлік дәліздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі