ҚТЖ елордалық терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз өңделді

Жаңалықтар

ҚТЖ елордалық терминалында 1000-шы контейнерлік пойыз өңделді




25-11-2026

Астана станциясы терминалында («Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Кедентранссервис» АҚ басқармасында) 1000-шы контейнерлік пойыз тиелді. Бұл елеулі өндірістік көрсеткіш елордалық логистикалық тораптың өсіп келе жатқан рөлін және тасымалдау процесін ұйымдастырудың тиімділігін растайды.

Терминал халықаралық транзиттік тасымалдарға қызмет көрсетеді және Қытай – Қазақстан – Ресей – Беларусь – Еуропа бағытында жүк ағындарын қайта бөледі. Құрамдардың уақтылы жүктелуі ҚТЖ желісі бойынша вагондардың бос жүрісін қысқартады, инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттырады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі