ҚТЖ-да жүк вагондарын цифрлық сәйкестендіру технологиясын енгізуді талқылады

Жаңалықтар

ҚТЖ-да жүк вагондарын цифрлық сәйкестендіру технологиясын енгізуді талқылады




25-11-2026

ҚТЖ-да жүк вагондары, олардың тораптары мен бөлшектері үшін RFID-таңбалауды қолдану бойынша кеңес өтті. Кездесу «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкеновтың төрағалығымен өтті.

Қатысушылар өмір бойы жылжымалы құрам мен оның құрамдас бөліктерін цифрлық сәйкестендіруді қамтамасыз ететін RFID-таңбаларын пайдалануды талқылады.

Сондай-ақ вагондар мен олардың құрамдас бөліктері туралы цифрлық деректерді ВУ-4 ЖА нысанындағы жүк вагонының электрондық паспортымен біріктіру мәселесі қаралды.

Бұл технологияны енгізу қосалқы бөлшектердің шығу жерін бақылауға, вагондарды өндіру, пайдалану және жөндеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, контрафактілік өнімдерді қолдану тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Кеңес қорытындысы бойынша RFID-таңбалауды енгізу тетіктерін пысықтау, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және осы бағытты «Электрондық инспектор» жобасымен үндестіру міндеттері қойылды. Бұл қадамдар жылжымалы құрамның өмірлік циклін басқару үшін бірыңғай цифрлық ортаны қалыптастырудың бір бөлігі болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі