ҚТЖ-да қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда
15-09-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен тұрмысын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс шеңберінде 2026 жылы 38 нысан жөнделді. Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар жаңартылды. Жөндеу жұмыстары «Теміржолсу» ЖШС күшімен жүргізілді. Өткізілетін іс-шаралар магистральдық желі қызметкерлері үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.
Жөндеу жұмыстарының кешені орындалды: қасбеттер мен шатырлар жөнделіп, терезелер мен есіктер ауыстырылды, ішкі бөлмелер жаңартылды, төбелер мен жаңа еден жабындары орнатылып, инженерлік жүйелер қалпына келтірілді.
Әкімшілік-тұрмыстық инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыс 2026 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі