ҚТЖ-да темір жол инфрақұрылымы мен шаруашылықтарды қысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде

Жаңалықтар

ҚТЖ-да темір жол инфрақұрылымы мен шаруашылықтарды қысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде

 




21-10-2026

ҚТЖ-да теміржол шаруашылықтарын күзгі комиссиялық тексеру аяқталды. Мамандар инфрақұрылымның, техника мен персоналдың қар, боран және төмен температура жағдайында жұмыс істеуге дайындығын тексерді. Комиссия жол шаруашылығы, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау, қозғалыс пен жүк жұмысын ұйымдастыру барысын, сондай-ақ локомотив, вагон және жолаушылар шаруашылығын тексерді.

Станцияларда маневрлік жұмыс технологиясын сақтауға, парк байланысы бойынша келіссөздер жүргізуге, кезекшілікті қабылдауға және тапсыруға ерекше назар аударылды. Қысқа дайындық – теміржолдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызды кезеңі. Күзгі комиссиялық тексеру басымдықтарды алдын ала анықтауға және тұрақты суық ауа райы басталғанға дейін шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Жол шаруашылығында бағыттамалық бұрмалардың, жол элементтерінің және қардан қорғау құрылыстарының жай-күйі тексерілді. Қар тазалау және қардан аршу техникасын дайындау, ҮАЛД  радиостанциялары мен құрылғыларын тексеру, қармен күресу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету басым міндеттердің қатарында.

Белгі беру және байланыс, сондай-ақ электрмен жабдықтау шаруашылықтарында теміржол автоматикасы құрылғыларының, кабельдік желілердің, тартқыш қосалқы станциялардың және байланыс желісінің жай-күйі бағаланды. Жабдыққа техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге ерекше назар аударылды.

Локомотив және вагон шаруашылықтарында қызметкерлердің дайындығы, жабдықтың техникалық жағдайы, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің, құралдар мен майлау материалдарының болуы тексерілді. Бұдан басқа, авариялық қорларды толықтыру және қысқы жағдайларда ақаулықтарды жоюға дайындығын арттыру бойынша міндеттер айқындалды.

Персоналды даярлау – жеке бағыт. Жұмысшылар қар, боран, төмен температура және шектеулі көріну кезіндегі әрекеттер бойынша қосымша нұсқаулар мен практикалық сабақтардан өтуі керек. Қыс мезгілінде алғаш рет жұмыс істейтін қызметкерлерге «алғашқы қыстықтарға» ерекше назар аударылады.

Тексеру қорытындысы бойынша бөлімшелер техника мен қардан қорғау құрылыстарының дайындығын тағы бір рет тексеріп, материалдар қорын толықтырып, персоналмен қосымша сабақтар өткізуі тиіс. Осы іс-шараларды уақтылы орындау теміржол шаруашылықтарының қысқа дайындығын арттыруға және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі