Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті




06-08-2026

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдірудің және комплаенс жүйесін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған Компанияның Басқарма мүшелері мен басшы құрамы үшін оқыту іс-шарасы өтті.

Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің өкілі сөз сөйледі.

Оқыту барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың превентивтік тетіктерін күшейтуге, мүдделер қақтығысын реттеуді жетілдіруге, жеке мүдделерін декларациялауға қойылатын талаптарды кеңейтуге, кадр рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ комплаенс институты мен оның корпоративтік басқару жүйесіндегі рөлін дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың соңғы өзгерістері қаралды. Жаңа заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдануға және оларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде іске асыруға ерекше назар аударылды.


«Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің өкілі сондай-ақ ұлттық компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қолдану, мүдделер қақтығысын реттеу, заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін басшылардың дербес жауапкершілігі мәселелерін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар заңнаманың жаңа талаптарын қолданудың практикалық мәселелерін талқылап, құқық қолдану практикасының неғұрлым өзекті аспектілері бойынша спикерлерден түсініктемелер алды және комплаенс корпоративтік жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Мұндай іс-шараларды өткізу басшы құрамның құқықтық мәдениетін арттыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың тиімді жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі