ҚТЖ-да өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау мәселелері талқыланды

Жаңалықтар

ҚТЖ-да өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау мәселелері талқыланды




02-11-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарында өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Нысандарды қысқы жағдайларда жұмысқа дайындауға, өртке қарсы жүйелердің жарамдылығына, қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне және өрт сөндіру пойыздарының дайындығына басты назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша бейінді бөлімшелерге өрт автоматикасы құралдарын кезең-кезеңімен жаңартуды, азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алуды, қорғаныс құрылыстарын техникалық тексеру мен жөндеуді көздейтін 2027-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын дайындау тапсырылды.

Тапсырмалардың жеке блогы әкімшілік және өндірістік ғимараттардың, тұрғын жай модульдердің, жылыту пункттерінің және теміржол инфрақұрылымының басқа да объектілерінің өртке қарсы жағдайына қатысты. Жылыту жүйелері мен электр жабдықтарын тексеру, қысқа өртке қарсы сумен жабдықтауды дайындау, сондай-ақ бөлу жолақтары мен станциялық парктерді құрғақ өсімдіктерден тазартуды аяқтау көзделген.

Жергілікті нормативтік актілерді өзектендіру және қызметкерлерді оқыту бейнематериалдарын пайдалана отырып, штаттан тыс жағдайларда іс-қимылға оқытуды ұйымдастыру маңызды міндеттер қатарында.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі