ҚТЖ-да гендерлік теңдік және харасменттің алдын алу мәселелерін талқылады

Жаңалықтар

ҚТЖ-да гендерлік теңдік және харасменттің алдын алу мәселелерін талқылады




19-10-2026

Тренинг компанияның орталық аппаратының, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлерін, сондай-ақ елордаға оқуға келген өңірлер өкілдерін біріктірді, ал басқалары онлайн режимде оқыту процесіне жаппай қосылды.                                   

Шақырылған спикер ретінде халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы, заңгер және құқық қорғаушы Халида Әжіғұлова сөз сөйледі.

Оқыту шеңберінде сарапшы теория мен құқықтық базаны: гендерлік теңдік ұғымы мен оны Қазақстан Республикасында заңнамалық реттеу; гендерлік кемсітушіліктің туындау себептері, жұмыс орнында алымсақтықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік және қорғаудың құқықтық тетіктерін түсіндірді.

Сондай-ақ, оқу барысында панельдік сессия өтті. Қызметкерлердің сұрақтарына компанияның құқықтары мен этикасының сақталуын бақылайтын тұлғалар: Қанат Әлмағамбетов (ҚТЖ омбудсмені); Айгүл Жолдыбаева (ҚТЖ департаментінің HR-директоры); Дәурен Хасенов (ҚТЖ комплаенс-офицері) және Шолпан Әбілбекова (Құрметті теміржолшы) жауап берді.

Спикерлер ҚТЖ-да қысым мен кемсітушіліктің кез келген түріне нөлдік төзімділік жүйесі құрылғанын, ал ішкі байланыс арналары (комплаенс, омбудсмен, HR) әрбір оқиғаның құпиялылығы мен объективті тергелуіне кепілдік беретінін атап өтті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі