ҚТЖ-да Армения Республикасының Елшісімен кездесу өтті

Жаңалықтар

ҚТЖ-да Армения Республикасының Елшісімен кездесу өтті




15-01-2026

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Вачиковичпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Армения Республикасы арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыстың  өзара іс-қимылын ұйымдастыруға және жедел ақпарат алмасуға дайындығын растады. 

Иджеван, Ерасх, Ахурик учаскелерін және желінің басқа да сегменттерін қоса алғанда, теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ жүк ағындарының болжамдары талқыланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, контейнерлік сервистер және Оңтүстік Кавказ арқылы транзиттік тасымалдар перспективалары атап өтілді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі