ҚТЖ да 1000-нан астам тәлімгер кәсіби тәжірибесін жас мамандарға тапсырады
03-07-2026
"Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ-да жас қызметкерлерге кәсіби білім мен практикалық тәжірибе беруге бағытталған тәлімгерлік жүйесі сәтті дамуда. Бүгінгі таңда компанияда 1000-нан астам жоғары білікті мамандар тәлімгерлердің функцияларын орындайды, бұл жаңадан бастаушыларға өндіріске тезірек бейімделуге, технологиялық процестердің ерекшеліктерін тереңірек түсінуге және кәсіби дағдыларды сенімді игеруге көмектеседі.
Тәлімгерлер жас қызметкерлерді кәсіби қалыптасу кезеңінде сүйемелдейді, әдістемелік және практикалық қолдау көрсетеді, қажетті құзыреттерді дамытуға және өндірістік қызметке тиімді интеграциялауға ықпал етеді.
Компания Басқармасы Төрағасының Жастар кадрлық резервіне қатысушыларға ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаның 161 қатысушысына олардың кәсіби, басқарушылық және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін 137 тәжірибелі тәлімгер бекітілді.
Тәлімгерлік қызметтің сапасын арттыру үшін тәлімгерлер көшбасшылық, педагогикалық және коммуникациялық құзыреттіліктерді, сондай-ақ практикалық тәжірибені берудің заманауи әдістерін дамытуға бағытталған мамандандырылған үш модульді оқытудан өтеді.
Тәлімгерлік жүйесі ұрпақтар сабақтастығын, кәсіби білімді сақтауды және теміржол саласының болашақ мамандарын даярлауды қамтамасыз ете отырып, Компанияның кадрлық әлеуетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі