ҚТЖ Central Asia HackNU ірі студенттік хакатонын қолдады
06-04-2026
Nazarbayev University базасында 9-шы жыл сайынғы HackNU технологиялық хакатоны өтті. Жарысқа Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 229 командаға біріккен 700 астам студент қатысты.
ҚТЖ қатысушыларға теміржол тасымалындағы деректерді мониторингілеу және талдау жөніндегі шешімдерді әзірлеуге бағытталған «Қиындықсыз телеметрия: локомотив телеметриясын визуализациялау» SWE-кейсін ұсынды. Кейспен 85 команда жұмыс істей бастады. Іріктеу қорытындысы бойынша финалға жобаларды ұсынған 15 команда шықты, содан кейін барып жеңімпаздар анықталды.
Хакатон қорытындысы бойынша:
HackNU-ға қатысу ҚТЖ-ға сала үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және практикалық технологиялық бастамаларды іздеуге IT-таланттарды тартуға мүмкіндік берді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі