ҚТЖ БҰҰ-ның жаһандық науқанына қосылады
25-11-2026
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіретін БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқанына қосылады.
ҚТЖ науқан аясында зорлық-зомбылықтың алдын алуға, зардап шеккендерді қорғауға және әр адам құрметке, қауіпсіздікке және қолдауға сене алатын қоғам құруға жаһандық үндеуді қолдайды. Компанияның ақпараттық бастамасында өзара назар аударудың, қолдаудың және бей-жай қарамаудың маңыздылығын еске салатын «А Рerson Next to You» («Сенің жанында») тұжырымдамасы ерекше орын алады.
Бұл бастама бей-жай қалмауға шақырады және еске салады: зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, соның ішінде әрқайсымыздың құрметіміз, назарымыз және жауапкершілігімізден басталады.
Науқан аясында ақпараттық материалдар теміржол вокзалдары мен пойыздарда орналастырылады. Жолаушылар зорлық-зомбылыққа тап болған адамдарға қол жетімді қолдау қызметтері, құқықтық көмек және ресурстар туралы ақпаратпен, соның ішінде мамандандырылған ақпараттық платформаға апаратын QR-кодтар арқылы таныса алады.
Бастаманың көрнекі символы теміржол вокзалдарында орналасқан орындықтардағы арнайы қызғылт сары жамылғылар болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі