ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді
07-10-2026
Алматыда М. Тынышпаев атындағы ALT университеті алаңында ҚТЖ ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға «Жылжымалы құрам инженериясы», «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Тасымалдауды ұйымдастыру», «Логистика» және басқа да бағыттар бойынша білім алып жатқан университеттің төртінші бітіру курсының студенттері қатысты.
ҚТЖ өкілдері бос жұмыс орындары, кандидаттарға қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып берді. Студенттер сұрақтар қойып, компаниядағы жұмыстың перспективалық бағыттары туралы біле алды.
Жәрмеңке ҚТЖ кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өтті және теміржол саласына жас мамандарды тартуға бағытталған. Компания мамандарды даярлауға және бейінді оқу орындарының түлектері қатарынан кәсіби резервті қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі