ТХКБ елдері 2026 жылға арналған жоспарды бекітті: тасымалдауды цифрландыру және контейнерлік пойыздардың артуы

Жаңалықтар

ТХКБ елдері 2026 жылға арналған жоспарды бекітті: тасымалдауды цифрландыру және контейнерлік пойыздардың артуы




24-04-2026

Астанада «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» (ТХКБ) Халықаралық қауымдастығының Басқарма және жалпы жиналысының отырыстары өтті. Оның қорытындысы бойынша қатысушы елдер 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын егжей-тегжейлі қарап бекітті. Отырыстарға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Талғат Алдыбергенов төрағалық етті. Осы отырыстарға ТМТМ-ға қатысушы елдер — Қазақстан, Қытай, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сондай-ақ Украина, Болгария және Румыния сияқты бірқатар еуропалық елдер мен Сингапур секілді шетелдік серіктестер қатысты.


Негізгі екпін – тасымалдарды цифрландыру. Қатысушылар цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, электрондық құжат айналымын енгізу туралы, сондай-ақ кеден органдары мен тасымалдау процесінің барлық қатысушылары арасында деректермен тікелей алмасуды ұйымдастыру туралы уағдаласты. Бұл жүктердің өту уақытын қысқартуға және бүкіл маршруттағы операциялардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
 


Бекітілген жоспар шеңберінде осы жылдың өзінде-ақ Қытайдан Қазақстан аумағы бойынша 600 контейнерлік пойызды өткізуді қоса алғанда, контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, Каспий теңізінің порттары мен терминалдары арасындағы үйлестіру күшейтіледі, сондай-ақ маршруттың негізгі учаскелеріндегі технологиялық процестер оңтайландырылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Қабылданған шешімдер Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік дәліздердің бірі ретінде ТХКБ-ны одан әрі нығайтуға бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі