Теміржолшылар жас инженерлерді қолдау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Жаңалықтар

Теміржолшылар жас инженерлерді қолдау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді




30-10-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жаңа жобалар құрылысы дирекциясы» филиалының қызметкерлері корпоративтік қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бағдарлама қанық та әралуан болып шықты. Сөрелерде үйде пісірілген тағамдар, кітаптар, бірегей қолөнер бұйымдары және басқа да көптеген көз тартар заттар болды.

Барлық түскен қаражатты ұйымдастырушылар «Жайлы түзету мектебі – Қалима Бегалы атындағы университет» жанындағы  «Инклюзивті инжиниринг – АР – AI» ҒЗИ-ға аударады. 

Бұл мектептің тәрбиеленушілері қазір сала үшін бірегей және маңызды жоба жасап жатыр. Олар «Арай» Ревизор роботын әзірлеуде. Бұл инновациялық құрылғы темір жолдарындағы қиыршық тасты автоматты түрде тазартуға арналған.

Жәрмеңкеде жиналған ақша балаларға ғылыми бастамаларды дамытуға көмектеседі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі