Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды




13-10-2026

Абай облысында «Теміржолсу» АҚ қызметкерлері («ҚТЖ» ҰК» АҚ тобына кіреді) өрттен зардап шеккен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының учаскелеріне 3500 қарағай көшетін отырғызды. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «САМҰРЫҚНАМА: 20 ИГІ ІС» бастамасы аясында өтті.

Акция ауқымды орман өрттерінен зардап шеккен өңірдің экожүйесін қалпына келтіруге бағытталған. 

«Теміржолсу» АҚ экобастамаларды қолдайды және қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды көгалдандыру мен болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі жобаларға қатысуды жалғастырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі