Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді




15-09-2026

2026 жылғы 14 қыркүйекте сағат 14:15-те Қарағанды – Сұрыптау – Ақадыр учаскесінде өтіп бара жатқан пойыз машинисі темір жолды бөліп тұрған жолақта қамыстың өртенгенін анықтады. Өрт ошағы темір жол төсемінен  6 метрде болған, ал жалпы жанып кеткен алқап  көлемі 0,7 га жеткен. Машинист Қарағанды-Сұрыптау станциясы бойынша кезекшіге жедел ақпарат берген.

Отпен күресу үшін Қарағанды станциясының өрт сөндіру пойызы, сондай-ақ Қарағанды қаласының ТЖД күштері мен құралдары тартылды.

Сөндіруге жеке құрамның 25 адамы және арнайы техниканың 5 бірлігі қатысты. Өрт ошағын жоюға арналған судың жалпы шығыны 90 тоннаны құрады. Үйлестірілген іс-қимылдардың арқасында 17:04-те өрт оқшауланып, 19:58-де толығымен жойылды.

Оқиға теміржол көлігінің жұмысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер мен жазатайым оқиғалар орын алған жоқ. Инфрақұрылымның, жолдың, СОБ, байланыс пен электрмен жабдықтау құрылғыларының бұзылуына жол берілмеді. Пойыздардың қозғалысында кідірістер тіркелген жоқ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өрт сөндіру пойыздары тәулік бойы кезекшілікті жалғастырып, жедел әрекет етуді және темір жолдарды бөліп тұрған  жолақта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі