Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
23-07-2026
Павлодар облысының Көктөбе станциясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде бүкіл ел бойынша ҚТЖ өткізетін «Қауіпсіз темір жол» акциясы аясында мал иелерімен профилактикалық кездесу өтті. Теміржолшылар Көктөбе кенті әкімдігі өкілдерімен және желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, темір жолға жақын орналасқан үйлерді аралап, тұрғындарға темір жолдардың маңында мал жаю ережелерін, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік барлығын түсіндірді.
Кездесудің негізгі мақсаты – малдың жолға шығуын болдырмау және апат қаупін азайту.
2026 жылдың алты айында Павлодар өңіріндегі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты пойыздарды шұғыл тежеудің 74 жағдайы тіркелді. 41 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қараусыз қалған жануарлардың темір жолдарға шығу жағдайлары үнемі тіркеліп отыратын Ақсу – Дегелен, Тоқыбай – Үшқұлын – Ақбидайық, Павлодар – Ерейментау және Павлодар – Қорғамыс учаскелері аса проблемалы болып қалып келеді.
Жыл басынан бері теміржолшылар 3 227 мал иесі мен қоғамдық шопандарды жаю ережелерімен таныстырды. Тағы 2 890 адамға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабынан үзінді көшірме табыс етілді.
Жануарлардың жолға шығуын болдырмау үшін өңірде қорғаныс мал қоршауларының құрылысы жалғасуда. 2026 жылы 57 км қоршау салу жоспарлануда.
Павлодар магистральдық желі бөлімшесі мал иелерін мал жаю ережелерін сақтауға және олардың темір жолдарға шығуына жол бермеуге шақырады. Бұл пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі