Теміржолшылар азаматтық қорғаныс саласында оқудан өтті
09-11-2026
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін азаматтық қорғаныс саласында арнайы оқыту өтті.
Іс-шараға негізгі бөлімшелердің 30 астам қызметкері қатысты. Олардың қатарына азаматтық қорғаныс санатына жатқызылған ұйымдар басшылары мен азаматтық қорғаныс құрылымдарының командирлері кірді. Оқытудан «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» және «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалдарының, сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС еншілес ұйымдарының өкілдері өтті.
Оқыту курсының бағдарламасы мынадай негізгі бағыттарды: мемлекеттік жүйенің және азаматтық қорғаныс күштерінің жұмыс істеуін, төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғаудың негізгі қағидаттары, инженерлік әдістері мен тәсілдерін, эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мен жеке қорғану құралдарын қолдану және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын қамтыды.
Практикалық дағдыларға ерекше назар аударылды. Астана қаласы бойынша ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалының мамандары тыңдаушыларға жүректің тоқтауы, жарақат алу және қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ өткізді.
Курс соңында барлық қатысушылар алынған теориялық білім мен практикалық дағдылардың жоғары деңгейін растай отырып, қорытынды тестілеуден сәтті өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі